Тоқаев медицина қызметкерлерін орден және медальдармен марапаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев медицина қызметкерлерін орден және медальдармен марапаттады Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент бір топ медицина қызметкеріне мемлекеттік наградалар тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін мына азаматтар марапатталды:

II дәрежелі "Барыс" орденімен

  • Баймаханов Болатбек Бимендеұлы – "А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ басқарма төрағасы, Алматы қаласы;

"Парасат" орденімен

  • Бектұрғанов Рамазан Сейдахметұлы – Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы "Облыстық офтальмологиялық аурухана" МКК директоры;
  • Боромбаев Ульфат Төлеуғалиұлы – Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы "Павлодар облыстық онкология диспансері" КМК бөлімше меңгерушісі;
  • Нысанов Әбілмәжит – Денсаулық сақтау министрлігі "Қазақ республикалық лепрозорийі" ММ Тасбөгет диспансерлік бөлімшесінің меңгерушісі, Қызылорда облысы;
  • Төлепбергенова Айгүл Дүйсенбайқызы – "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ бөлім бастығы, Астана қаласы;

"Құрмет" орденімен

  • Әбдел Зият Жұмаділұлы – "Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қаласы;
  • Бидайбаев Арғын Ноянұлы – Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы "Теміртау қаласының көпбейінді ауруханасы" КМК директоры;
  • Бимағанбетова Нұржамал Баяхметқызы – Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы "Жангелдин аудандық ауруханасы" КМК бөлімше меңгерушісі;
  • Богославский Павел Владиславович – Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы "Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасы" КМК директорының орынбасары;
  • Иманғазинов Сағит Баймұқанұлы – "Семей медицина университеті" КеАҚ Павлодар филиалының профессоры, Семей қаласы;
  • Исабекова Лаура Қайратқызы – "Қостанай қаласының № 5 емханасы" ЖШС медицина директоры;
  • Колеснев Александр Валериевич – "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" ЖШС бөлімше меңгерушісі, Астана қаласы;
  • Күлімбетов Амангелді Сейітмағамбетұлы – "С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" КеАҚ профессоры, Алматы қаласы;
  • Қуатбаев Ермағамбет Мұқанұлы – Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы "Қалалық кардиология орталығы" КМК директоры;
  • Мұстафинова Гүлнәр Төлеуханқызы – "University Medical Center" КҚ департамент директоры, Астана қаласы;
  • Нұрланова Рысты Берекелқызы – "Республикалық жоғары медицина колледжі" ЖШС консультанты, Алматы қаласы;
  • Савхатова Ақмарал Досполқызы – "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ дәрігері, Алматы қаласы;
  • Смағұлова Ғазиза Ажмағиқызы – "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" КеАҚ кафедра басшысы, Ақтөбе қаласы;
  • Сыбанбаев Дархан Әріпұлы – Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы "Жамбыл көпбейінді орталық аудандық ауруханасы" КМК директоры;
  • Тұрысбекова Сәуле Тілеубергенқызы – "С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" КеАҚ кафедра меңгерушісі, Алматы қаласы;
  • Уәлиева Райгүл – Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" РМК филиалының зертхана меңгерушісі, Өскемен қаласы;
  • Хаиров Константин Эдуардович – "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ хирургиялық блок басшысы, Алматы қаласы;

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

  • Балжанов Жеңіс Мырзасейітұлы – Астана қаласы әкімдігінің "№ 1 көпбейінді қалалық аурухана" МКК бөлімше меңгерушісі;
  • Бекарысов Олжас Сапарғалиұлы – "Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы" РМК директоры, Астана қаласы;
  • Бердешева Мира Қабдылкәрімқызы – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы "№ 5 қалалық емхана" МКК бас мейіргері, Орал қаласы;
  • Жұмахаева Әлия Серікқызы – Астана қаласы әкімдігінің "№ 2 көпбейінді қалалық аурухана" МКК директорының орынбасары;
  • Кәрібай Серік Дүзелбайұлы – "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ бөлімше меңгерушісі, Астана қаласы;
  • Мустафин Рамиль Табрисович – "Астана Эколайф" ЖШС медициналық директоры;
  • Огай Вячеслав Борисович – "Ұлттық биотехнология орталығы" ЖШС профессоры, Астана қаласы;
  • Тё Дмитрий Валерьевич – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы "Көпбейінді облыстық ауруханасы" КМК бөлімше меңгерушісі, Петропавл қаласы;

"Шапағат" медалімен

  • Амангелдіқызы Сая – "Ұлттық балаларды оңалту орталығы" КеАҚ басқарушы директоры, Астана қаласы;
  • Дигай Александр Константинович – "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" ЖШС аға ординаторы, Астана қаласы;
  • Дүйсекенова Гүлжазира Қинайатқызы – Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы "Облыстық перинаталдық орталық" КМК қызмет басшысы, Семей қаласы;
  • Ким Алексей Юрьевич – Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы "Атырау облыстық балалар ауруханасы" КМК дәрігері;
  • Мұхамедиев Ермек Дәкенұлы – Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Облыстық қан орталығы" МКК директоры, Көкшетау қаласы;
  • Оразалинов Азамат Жанәбілұлы – Астана қаласы әкімдігінің "№ 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы" МКК бөлімше меңгерушісі;

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді:

  • Бенберин Валерий Васильевич – "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК бөлім бастығының орынбасары;

"Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы берілді:

  • Байғошқарова Рахат Өсербайқызы – денсаулық сақтау саласының ардагері, Астана қаласы;
  • Епенова Жапырақ Кеңесханқызы – Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы "Облыстық перинаталдық орталық" МКК директоры, Ақтау қаласы;
  • Карабаева Раушан Жумартовна – "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК директоры;
  • Кисикова Сәуле Дүйсебекқызы – "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы" РМК директорының кеңесшісі.

Айта кетейік, Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +26
Астана +25
Ақтау +30
Ақтөбе +24
Атырау +29
Б
Балқаш +29
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +23
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +28
П
Павлодар +20
Петропавл +24
С
Семей +24
Т
Талдықорған +29
Тараз +34
Түркістан +24
О
Орал +20
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер