Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған заңдарға қол қойды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған заңдарға қол қойды © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған заңдарға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған заңдарға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Жарлықта.

Заңдар орталық мемлекеттік органдардың өкілеттерін орталықсыздандыру арқылы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.

"Атап айтқанда, Үкіметтің құрылымдық және инвестициялық саясатты іске асыру, мәдениетті, білім беруді, денсаулық сақтауды, туризмді және спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, сондай-ақ премьер-министр кеңсесінің мемлекеттік аппаратқа қайта құрылуына байланысты құзыреті; т.б. алынып тасталады.

Заң орталық мемлекеттік органдардан жергілікті атқарушы органдарға жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған 21 функцияны береді", - делінген Сенат сайтында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети