03 мамыр 2022 | 16:16

Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасына бірқатар тапсырма берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Мемлекет басшысына агенттіктің қазіргі атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндалды.

Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызметке кіру үшін артық кедергілер мен тосқауылдарды алып тастау және одан шығу тәртібін жеңілдету, мемлекеттік қызметтің кез келген қазақстандыққа ашық болуына қатысты ұсыныстар берді. Сонымен қатар, Президентке мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жұмыстары жөнінде айтты.

Агенттік төрағасы Президентке 2022-2023 жылдары "Е-қызмет" ақпараттық жүйесін жаңғырту туралы жоспарын ұсынды. Оның айтуынша, биыл сыртқы порталды құру арқылы "Е-қызмет" базасында мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесі толық цифрландырылады. Ал 2023 жылы басқа да кадрлық үдерістер, атап айтқанда, ротация, тағылымдама, біліктілікті арттыру және басқа да қызметтер автоматтандырылады. Сонымен қатар, Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жетілдіру барысына да тоқталды.

Ведомство басшысы агенттіктің 2023 жылдан бастап мемлекеттік қызметке іріктеуді прокторинг технологиясын қолдану арқылы онлайн түрде өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағынышты ұйымдарды қысқарту жөніндегі тапсырмасы бойынша "Мемлекеттік қызметтегі персоналды басқару орталығының" АҚ штаттық бірліктері мен бюджетін сақтай отырып, Мемлекеттік басқару академиясының құрамында HR-институтын құру туралы айтты.

Кездесу барысында Президент мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесін одан әрі жетілдіру, меритократия қағидатын ілгерілету және адамға бағдарланған сервистік мемлекеттік аппарат қалыптастыру жөнінде тапсырмалар берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети