Тоқаев мемлекеттік туға қатысты заңды өзгерту керегін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев мемлекеттік туға қатысты заңды өзгерту керегін айтты Фото:akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін пайдалану туралы заңнаманы қайта қарау керегін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін пайдалану туралы заңнаманы қайта қарау керегін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын.

Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында. 

2012 жылы Петропавл тұрғыны шымылдықтың орнына ту қолданған жағдай туралы хабарланған. Сол жылы Атырау тұрғынына автокөлікке Қазақстан туын байлап жүргені үшін 323 600 теңге айыппұл салынған еді.

2015 жылдың ақпанында елорда тұрғындарына балконға ту ілгені үшін 400 мың теңгеге жуық айыппұл салынған. Сол кезде ер адам ту ілу патриот екенін көрсетудегі дәстүрі екенін және ол мұны Геннадий Головкиннің кезекті жеңісінен кейін ілгенін айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети