Тоқаев Мирзиёевпен Ауғанстандағы жағдайды талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Мирзиёевпен Ауғанстандағы жағдайды талқылады Сурет мұрағаттан. © akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Биылғы бес айдың ішінде екіжақты сауда көлемі 46 пайызға артқан. Инвестициялық, көлік-логистикалық жобалар жүзеге асырылуда, жаңа авиациялық бағыттар ашылуда. Қазақстан мен Өзбекстан халықаралық, өңірлік алаңдарда бір-бірімен тығыз байланыс жасайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Ташкентте өткен Орталық Азия және Оңтүстік Азия елдері арасындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияның қорытындыларына жоғары баға берді.

Екі ел басшылары Ауғанстандағы жағдайды және оның өңірлік қауіпсіздік үшін ықтимал салдарын жан-жақты талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев аталған проблема бойынша ортақ түсінік бар екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің Қазақстанға жасайтын алдағы ресми сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуда маңызды оқиға саналатынын айтты.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, өзбек халқының мойындалған көшбасшысына зор денсаулық, құт-береке және бауырлас Өзбекстан халқының игілігі жолындағы қызметіне табыс тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети