Тоқаев Мысыр халқын құттықтады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Мысыр халқын құттықтады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен мысырлықтарды осы елдің ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.

"Қазақстан мен Мысыр арасындағы ортақ рухани құндылықтар мен жан-жақты өзара ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі қатынастардың өрісі кеңейгенін зор ризашылықпен атап өтемін. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтардағы серіктестігіміз болашақта да өзінің жалғасын тауып, қарқынды дами беретініне кәміл сенемін", – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас мысыр халқына құт-береке тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети