Тоқаев Назарбаев университетінің президентін қабылдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Назарбаев университетінің президентін қабылдады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсуды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсуды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Назарбаев университетінің қазіргі жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды.

Әңгімелесу барысында білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарының перспективаларына, түрлі саладағы жаңа технологиялар мен инновацияларды әзірлеу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Шигео Катсудың  айтуынша, университет Қазақстандағы жоғары білім беру ісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өз үлесін қосуға дайын. Оқу орнының қызметі ұлттық экономика мен еліміздегі әлеуметтік саланы жаңғыртуға бағытталған.

Мемлекет басшысы жуық арада Назарбаев университетіне баруға ниетті екенін айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шигео Катсуды 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, жоғары біліктілігі мен Қазақстанның білім беру саласындағы көпжылғы жемісті еңбегі үшін оған алғыс білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети