ПОДЕЛИТЬСЯ
20 наурыз 2019 | 12:51
Тоқаев Назарбаевқа "Халық Қаһарманы" атағын берді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Халық Қаһарманы" атағын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Халық Қаһарманы" атағын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тоқаев Парламент палаталарының жалпы отырысында Назарбаевқа "Алтын жұлдыз" орденін табыстады.
Бүгін, 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болды. Ант беру рәсімі Мәжіліс ғимаратында Қазақстан Парламенті палаталарының жалпы отырысы барысында өтіп жатыр.
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқығы мен бостандығына кепіл беруге, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант беремін", - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тоқаев Астананы Нұрсұлтан деп атауды ұсынды
Показать комментарии
Читайте также