Тоқаев: “Негізгі миссиям – Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету“

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев: “Негізгі миссиям – Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету“ Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік саясаттың негізгі мақсат-міндеттері жайындағы ойын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік саясаттың негізгі мақсат-міндеттері жайындағы ойын бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Менің негізгі миссиям – қазіргі алмағайып кезеңде еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, әлеуметтік-экономикалық дамудың берік іргетасын қалау. Бұл туралы ұдайы айтып келемін. Менің барлық шешімдерім осы өзекті міндеттерді іске асыруға бағытталған. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу – іргелі әрі ұзақ процесс. Оның әлем экономикасына жанама әсерлері мен ықпалын мұқият зерделеп, анықтау қажет. Алайда бұл технологиялық үрдіс бүкіл халықтар мен мемлекеттердің келешегін айқындайды. Бұл салада қатып қалған қағида жоқ. Сондықтан біз жылдам қимылдап, ең батыл шешімдер қабылдаудан қорықпауымыз қажет. Сонда ғана біз өзімізге жүктелген тарихи миссияны орындай аламыз, яғни қалыптасып жатқан жаңа әлемнен лайықты орнымызды аламыз", – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пікірінше, атом саласының ғылыми-технологиялық әлеуетін күшейту ісінде халықаралық ынтымақтастықтың маңызы зор.

"Бұл бағытта біз жақсы нәтижеге қол жеткіздік деп айтуға болады. МАГАТЭ, Біріккен ядролық зерттеулер институты (Ресей), Бүкіләлемдік ядролық университет (АҚШ), Еуропалық ядролық зерттеулер орталығы (CERN, Швейцария) және басқа да танымал ғылыми мекемелермен тиімді серіктестік жолға қойылды. Ғалымдарымыз термоядролық синтез, ядролық материалтану, радиациялық технология салаларындағы жаһандық ғылыми жобаларға атсалысуда. Мұндай халықаралық маңызды бастамаларға қатысу біздің ядролық ғылымның әлеуетін көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге инвестиция тартуға, бірегей технология мен білім трансферіне септігін тигізеді. Үкімет ядролық ғылым саласындағы халықаралық әріптестікті күшейте түсуі керек. Сондай-ақ Қазақстанның көпжақты зерттеу жұмыстарына қатысу мәселесін пысықтауға тиіс. Атом энергиясы жөніндегі агенттік атом ғылымын дамыту үшін ұзақ мерзімге арналған ғылыми-техникалық бағдарлама әзірлеуі керек. Құжатта оны қаржыландырудың нақты жолдары көрсетілуге тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети