Тоқаев Никол Пашинянды Парламент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Никол Пашинянды Парламент сайлауындағы жеңісімен құттықтады © akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның аремьер-министрі міндетін атқарушы Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның аремьер-министрі міндетін атқарушы Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Никол Пашинянды өзі басқаратын "Гражданский договор" партиясының кезектен тыс өткен Парламент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

"Дауыс беру қорытындысы мемлекеттілікті, ұлттық бірлікті нығайтуға және елдегі ахуалды тұрақтандыруға бағытталған Сіздің саяси ұстанымыңызды халық қолдайтынын  айқын көрсетті", - делінген жеделхатта. 

Президент бірлескен белсенді күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Армения арасындағы қарым-қатынастар екіжақты форматта да, Еуразиялық кеңістіктегі экономикалық интеграция аясында да нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның достас Арменияны өркендету жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне мол табыс тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети