Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan (Amanat) партиясындағы энтузиастар енжар функционерлерге жол беруге мәжбүр болғанын айтты, ол бюрократиядан арылуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan (Amanat) партиясындағы энтузиастар енжар функционерлерге жол беруге мәжбүр болғанын айтты, ол бюрократиядан арылуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Партия төрағасы лауазымына келгенде оны түбегейлі қайта жаңғырту жөніндегі көзқарасымды баяндадым. Өткен айда партия қызметінде үлкен талдау жұмыстары жүргізілді, ол елеулі өзгерістер қажет екенін көрсетті. Бұл жерде жартылай шаралар жеткіліксіз. (...) Партия аппаратының жұмысында бюрократияның ең нашар қасиеттері айқын байқала бастады. Желілік кестелер, есептер, ресми іс-шаралар сайлаушылармен жұмысты артта қалдырды. Жалындап тұрған энтузиастар енжар функционерлерге жол беруіне мәжбүр болды, мұны ашық айту керек", - деді Мемлекет басшысы партияның кезектен тыс съезінде.
Оның айтуынша, партияның ребрендингі "маңдайшаны ауыстыруда" ғана емес, бүкіл партиялық жұмысты қайта құруда.
"Бүгін партияны трансформациялау бойынша айтылған ұсыныстарды қолдаймын. Сонымен қатар, тағы да бірқатар басым міндетті атап өткім келеді. Біріншісі, партия аппаратын орталықсыздандыру және тиімділігін арттыру. Орталық аппараттың филиалдармен және бастапқы ұйымдармен өзара іс-қимыл әдістерін толық қайта қарау қажет. Бюрократия мен қағазбастылықтан батыл бас тартқан жөн. Аймақтық филиалдар мен бастауыш ұйымдар сайлаушылармен өз бетінше жұмыс істей алуы керек.
Орталық аппарат директивті және қолмен басқару тәжірибесін тоқтатуы керек. Оның міндеті - жалпы партияға бағыт беру, әдістемелік, идеологиялық қолдауды қамтамасыз ету, кадрларды оқыту, жүйелік проблемаларды талдау. Партияға ең алдымен, сенім мен ынтымақтастыққа негізделген өзара қарым-қатынастың жаңа мәдениеті қажет, - деді Президент.
Бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елмен бірге партия жаңаруы керек екенін, ендеше оның атауы да өзгеруі қажет деп айтқан болатын.
Президент XXII съезді шақыру туралы шешімді 18 ақпанда қабылдаған болатын. Оған бүкіл аймақтардың делегаттары қатысты. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды.
Еске салайық, былтыр қарашада саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім шығарды. Ол партияны ел Президенті басқаруы тиіс екенін айтты. 28 қаңтарда Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды.
Ақпанда Президент партия жұмысын жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды. Оның айтуынша, ел азаматтарының талап-тілектеріне толық жауап беруі үшін партияны жүйелі түрде қайта құру қажет. Сондай-ақ партия заманауи сын-қатерлерге төтеп беруге және жедел әрекет етуге тиіс.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!