Тоқаев Олимпиадада шорт-тректен төртінші орын алған Әжіғалиевке қолдау жеделхатын жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Олимпиадада шорт-тректен төртінші орын алған Әжіғалиевке қолдау жеделхатын жолдады Фото: ©ҚР ҰОК, Владислав Семенов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абзал Әжіғалиевке қолдау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абзал Әжіғалиевке қолдау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Президент баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент "Бейжің-2022" XXIV қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы Абзал Әжіғалиевті қолдап, жеделхат жолдады.

"Қазақстандықтар өзіңнің "Бейжің-2022" XXIV қысқы Олимпиада ойындарында көрсеткен өнеріңді асқан қызығушылықпен тамашалады. Олимпиаданың ашылу салтанатында көк туды желбіретіп алып шықтың. Өз жанкүйерлеріңнің сенімін ақтап, шорт-тректен 500 метрге жүгіруде финалдық бәсекеге дейін жетіп, нәтижесінде 4-орын иелендің. Бұл осы спорт саласы бойынша жоғары көрсеткіш екені анық", - делінген Мемлекет басшысының жеделхатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыға дүбірлі додада нағыз ерік-жігер көрсеткені және жеңіске деген ұмтылысы үшін алғыс айтты. Сондай-ақ оның алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетіп, отандастарымызды қуанта беретініне сенім білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети