Тоқаев "омикрон" штамын жаңа жаһандық қауіп деп атады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев "омикрон" штамын жаңа жаһандық қауіп деп атады Фото: Берік Уәли

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африкада табылған коронавирустың "омикрон" штамын жаңа жаһандық қауіп деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африкада табылған коронавирустың "омикрон" штамын жаңа жаһандық қауіп деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ДДСҰ мен денсаулық сақтау жүйесіне мүше барлық мемлекет күрделі дағдарысты бастан кешіріп жатыр. Бүкіл әлемде тез тарала бастаған "омикрон" штамы - жаңа жаһандық қауіп. Өкінішке қарай, пандемия халықаралық ынтымақтастықтың көптеген кемшілігін көрсетті, дағдарыстың әлеуметтік-экономикалық салдары әлеуметтік саясатты барлық деңгейде қайта қарауға әкелді. Пандемия ынтымақтастыққа және биологиялық сын-қатерлерді еңсерудің тиімді жүйесіне негізделген жаңа жаһандық тәсіл қажет екенін көрсетті", - деді Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының "омикрон" штамының таралуы жағдайында пандемияға дайындық мәселелері жөніндегі сессиясында сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысының айтуынша, ең алдымен, елдің вирусқа қарсы осал заңдылықтарын анықтау маңызды. Ол төтенше жағдайларға дайындық туралы конвенцияны немесе ДДСҰ халықаралық құжатын жасау бастамасын қолдады.

"Қазіргі пандемия бұл денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай ғана емес. Дағдарыс елдік деңгейдегі және ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі құрылымдық кемшіліктерді ғана емес, сонымен қатар жаһандық деңгейдегі теңсіздікті де көрсетті. Сондықтан Қазақстан біркелкі қолжетімділікті қамтамасыз етуге (COVID-19 вакциналарына - ескерт.) үлес қосып жатыр. Біз өз тарапымыздан QazVac вакцинасын әзірледік. Оны өз елімізде тиімді пайдаланып қана қоймай, Орталық Азияға да ұсынамыз", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети