Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына министрліктің былтырғы атқарған қызметінің қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды.

Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, өткен жылы өнеркәсіп саласында негізгі капиталға салынған инвестициялар мен өңделген өнімдер экспорты ең жоғары өсім көрсетті. Биыл осы үрдісті сақтап, өндіріс көлемін арттыру жоспарланып отыр.

Президентке геология, халықты ауызсумен қамтамасыз ету және цифрландыру бағыттарындағы жұмыстар жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды. Қала құрылысы жобалары цифрлы жүйеге көшірілді. Ауылдарда бірыңғай коммуналдық төлем жобасын енгізу жоспарланып отыр. Жасанды интеллект көмегімен геологиялық білім қорын жасақтау қолға алынды.

Кездесу соңында Президент министрге орташа және терең өңделген өнім көлемін ұлғайту, биыл отандық тауар өндірушілердің бірыңғай реестрін жасақтау, инвестор тарту жұмыстарын жандандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы жоспарланған тұрғын үйлерді пайдалануға беру, халықты ауызсумен барынша қамтамасыз ету, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларындағы үдерістерді цифрландыру жұмыстарын белсенді жүргізу маңызды екенін атап өтті. Бұдан бөлек, ведомство басшысына өңдеу өнеркәсібі нысандарын уақтылы іске қосу тапсырылды. Сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы реформаларды мерзімінде әрі сапалы аяқтау міндеті жүктелді.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларының тиімділігін арттыруды қатаң бақылауға алу қажеттігін айрықша атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети