Астанадағы көшелердің біріне өртсөндіруші Асқар Забикулиннің есімі беріліп, бюсті орнатылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы көшелердің біріне өртсөндіруші Асқар Забикулиннің есімі беріліп, бюсті орнатылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент өртсөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына көңіл айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын атқару кезінде ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмған Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Серікұлы Забикулиннің дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
"Асқар Серікұлы төтенше жағдайлар саласында еңбек етіп, елімізге адал қызмет етудің үлгісін көрсете білген азамат еді. Астанадағы көпқабатты үйде болған өрт кезінде оқиға орнына шұғыл жетіп, бірнеше адамның өмірін сақтап қалды. Осы бір әрекеті арқылы ол Отан алдындағы азаматтық антына берік екенін және жанқиярлық ерлігін көрсетті. Оның есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", - деп жазылған жеделхатта.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ержүрек өрт сөндірушінің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында Астана қаласындағы көшелердің біріне Асқар Забикулиннің есімі беріліп, бюсті орнатылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!