Тоқаев Өзбекстан президентін Қазақстанға шақырды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Өзбекстан президентін Қазақстанға шақырды akorda.kz

Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында басшылар екіжақты күн тәртібіндегі бағыттар бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігін одан ары дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасқаны хабарланды.  

Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға, инвестициялық ықпалдастықты нығайтуға, сондай-ақ, өнеркәсіп, машина жасау, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға басымдық берілді.

"Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көпжақты қатынастарға тың серпін беру мақсатында тараптар Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапарын жыл соңына дейін ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

Осыған байланысты екі елдің үкіметтеріне алдағы келіссөздердің жоғары деңгейде жүргізілуін қамтамасыз етуге тапсырма берілді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети