Тоқаев өзінің басты міндетін айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев өзінің басты міндетін айтты Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті ретіндегі басты міндетін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті ретіндегі басты міндетін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы секторын цифрландыруды дамыту маңызды екеніне назар аударды. Мемлекет басшысы осы салада оң қарқын бар екенін атап өтіп, қаржы инновацияларын енгізуге қолайлы жағдай жасау жөніндегі кешенді жұмысты жалғастыру керек екенін айтты.

"Біздің қаржы институттарымыз осы сәтті пайдаланып, ауқымды міндеттерді шешуі керек. Біреудің тәжірибесін көшіріп алудың қажеті жоқ, керісінше Қазақстан аумағымен шектеліп қалмай, қызметтердің жаңа форматын дамытып, ілгерілету керек. Мемлекет бұл бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетеді. Біз инновациялық экономика мен қаржылық экожүйені жаңадан қалыптастыру кезеңіндеміз. Алдымызда ауқымды жұмыстар тұр. Мемлекет басшысы ретінде мен үшін бүкіл экономикамызды жаңа инновациялық даму жолына салу - басты міндет", - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысын қоса алғанда, Қазақстанда атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети