Тоқаев: Парламентте әр түрлі партия болады деп үміттенемін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев: Парламентте әр түрлі партия болады деп үміттенемін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау нәтижесінде Парламентке көп саяси партияның кіруін құптайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілш

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау нәтижесінде Парламентке көп саяси партияның кіруін құптайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілш

"Әр сайлау - азаматтық батылдыққа маңызды емтихан. Біздің Парламентте әр түрлі партия болады деп қатты үміттенемін. Еліміздің болашағы, тағдыры туралы Парламентте пікірталастар болуы керек, бұл бірінші. Екіншіден, парламент өте сапалы заңдар қабылдауы керек", - деді Тоқаев Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайында дауыс бергеннен кейін журналистер алдында сөйлеген сөзінде.

Бұған дейін Тоқаев Парламентте 15 қаңтарда үндеу жасайтынын хабарланған болатын.

Сонымен қатар, Президент мәжіліс депутаттары сайланғаннан кейін Үкімет заң бойынша отставкаға кетуі тиіс екенін айтты және Қазақстандағы наразылық білдіруге қатысты пікір білдірді

Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауынан онлайн-трансляцияны мына сілтемеден оқи аласыз. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети