Тоқаев Павлодар облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Павлодар облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке Павлодар облысының былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткен жылы Павлодар облысында экономиканың барлық негізгі саласы бойынша өсім байқалғаны жөнінде баяндалды. Былтыр өңірлік жалпы өнім 5,8 пайызға ұлғайды. Аймаққа 1,1 триллион теңге инвестиция (38 пайызға өскен) тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

Президентке құрамында алтын бар концентратты қайта өңдеу және ферроқорытпа өндірісі бойынша 2 ірі жобаның жүзеге асырылатыны туралы айтылды. Екібастұзда қуаттылығы 460 мың тонна болатын 3 ферроқорытпа зауытын салу жоспарланған. Бұл кәсіпорындар іске қосылса, Қазақстан ферроқорытпа өндірісі бойынша әлемде екінші орынға шығады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа барлық әлеуметтік міндеттеменің жүйелі түрде орындалып жатқаны жайында мәлімет берілді. Облыста 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған, 40 жаңа нысан пайдалануға беріліп, 83 әлеуметтік ғимарат жаңғыртудан өткен. Қосымша білім беретін 3 орталық, 1800 оқушыға арналған «Жайлы мектептер» салынған. Апаттық жағдайдағы мектептердің орнына 3 білім беру нысаны бой көтеріп, 26 оқу ошағы жөнделген.

Облыс әкімі соңғы 20 жылда алғаш рет жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 1,3 пайызға төмендегенін айтты. Қоғамдық көлік 80 пайызға жаңартылып, 230 автобус жеткізілген. Еуропалық қайта құру және даму банкінің есебінен трамвай паркі жаңарып жатыр. Жаңа 25 вагонның алғашқы партиясы биыл қыркүйекте жеткізіледі.

Мемлекет басшысы инвестиция тартуды жалғастыру, «Жайлы мектеп» ұлттық жоспарын сапалы және уақтылы жүзеге асыру маңызды екенін атап өтті.

Кездесу соңында Президент облыс экономикасын одан әрі әртараптандыру, әлеуметтік саланы дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети