Тоқаев пайдаланылмаған жер телімдерін тәркілеуді тапсырды

02 Қыркүйек, 13:08
3
Тоқаев пайдаланылмаған жер телімдерін тәркілеуді тапсырды -

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылық жерлерді тәркілеуге көшуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттен жалға алу негізінде жерді тегін алғандардың көбі оны бостан босқа ұстап, жұмыс істемей отыр. Елімізде "латифундистер" қатары көбейіп келеді. Ауылшаруашылығы үшін берілген жерлерді тәркілеуге көшу керек", - деп тапсырды Тоқаев Парламент палаталарының біріккен отырысында.

Сондай-ақ, Президент мемлекеттік компаниялардың халықаралық бәсекеге қабілеті күмән туғызатынын айтты.

"Біздің мемлекеттік компаниялар конгомераттарға айналды, мұны мойындау керек. Мемлекеттің экономикада негізсіз қатысуын қысқарту мақсатында мен квазимемлекеттік компаниялар құруға мораторий енгізу туралы шешім қабылдадым. Ұлттық әл-ауқат қорының құрылған сәтінен бастап 14 жыл ішіндегі халықтың әл-ауқатын арттыруға қосқан нақты үлесі қандай екенін түсіну қажет. Үкімет Есеп комитетімен бірге бір ай мерзімде мемлекеттеік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігіне талдау жүргізеді", - деді Мемлекет басшысы.

2020 жылы мұғалімдердің жалақысы қанша пайызға көтерілетіні белгілі болды

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай