Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан әлем чемпионы Дина Жоламанның соққысын "тексеріп көрді". Бұл сәт видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан әлем чемпионы Дина Жоламанның соққысын "тексеріп көрді". Бұл сәт видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев оқушының соққысын "жақсы" деп бағалады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Президент Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Степногорскідегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін аралап көрді. Онда бокс, еркін күрес, ауыр атлетика, дзюдо, көркем гимнастика, футбол, шаңғы жарысы және самбо секциялары бойынша 1140 бала спортпен шұғылданады. Сабақты 30 жаттықтырушы-оқытушы жүргізеді.
Мемлекет басшысына балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі тәрбиеленушілерінің оқу-жаттығу сабақтарын өткізетін ауыр атлетика залы мен үлкен ойын залы таныстырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев мектепті аралап көргеннен кейін өңірдің белгілі спортшыларымен және жаттықтырушыларымен кездесті.
Президент қазақстандық спортшылардың өнерін әрдайым тамашалайтынын және қолдайтынын айтты. Сонымен бірге ірі жарыстардағы жоғары жетістіктері үшін спортшыларға алғыс айтып, еліміздің шетелдегі имиджін арттыруға қосқан олардың үлесіне тоқталды.
Шара соңында Мемлекет басшысы Лейк-Плэсидте (АҚШ) өткен Дүниежүзілік қысқы универсиада чемпионы биатлонист Бекентай Тұрлыбековке Алғыс хатын табыс етті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!