Тоқаев пен Байден арасындағы әңгіменің егжей-тегжейі белгілі болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев пен Байден арасындағы әңгіменің егжей-тегжейі белгілі болды Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Америка көшбасшысы Джо Байден арасындағы әңгіменің егжей-тегжейі белгілі болды. Tengrinews.kz редакциясына белгілі болған ақпарат бойынша, әңгіме барысында Мемлекет басшысы АҚШ-тың Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ туралы шартқа теріс кепілдер туралы хаттаманы ратификациялауының маңыздылығын атап өтті.

Бұған дейін хаттаманы Қытай, Ресей, Франция және Ұлыбритания ратификациялаған болатын. Бұл қадам аймақтың ядролық қарусыз мәртебесін институттандыру процесін аяқтайды және ядролық қарусыздану мен таратпауды нығайту жөніндегі халықаралық күш-жігердің маңызды кезеңі болады.

Орталық Азия солтүстік жарты шарда аумағында ядролық арсеналдарды орналастыруға тыйым салынған жалғыз аймақ екені атап өтілді. Осындай аймақтар Латын Америкасында, Африкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда және Оңтүстік Тынық мұхитында құрылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Akorda (@akordapress)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети