Тоқаев пен Иордания Королі Astana Hub кластеріне барды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев пен Иордания Королі Astana Hub кластеріне барды Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті мен Иордания Королі Astana Hub кластеріне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті мен Иордания Королі Astana Hub кластеріне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен ІІ Абдалла бен әл-Хусейн Astana Hub халықаралық кластерін аралау барысында еліміздің ІТ және жасанды интеллект саласындағы жетістіктерімен танысты.

Astana Hub – Орталық Азиядағы ең ірі инновациялық кластер. Онда 1700-ден аса ІТ-компания шоғырланған. Былтыр тартылған жалпы инвестиция көлемі 700 миллион доллардан, ал ІТ қызметінің экспорты 650 миллион доллардан асты.

Astana Hub базасында жыл сайын он мың азаматты қамтитын Tech Orda, TUMO және Tomorrow School білім беру, сондай-ақ Google for Startups серіктесімен бірге акселерация бағдарламалары іске асырылуда.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәртебелі меймандарға биыл күзде Астанада ашылуы жоспарланып отырған AlemAI Халықаралық жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасын көрсетті.

Қазақстан Президенті мен Иордания Короліне әлемдік нарыққа шыққан отандық компаниялардың әзірлемелері таныстырылды.

Олардың қатарында epsilon3ai (мемлекеттік секторға АІ-шешімдер әзірлейтін зертхана), Qalan (Қазақстанда және шет елде 1 миллионнан аса оқушы пайдаланатын математика пәнінен білім беру платформасы), inDrive (жолаушы және жүк тасымалы, жеткізу қызметін ұсынатын жаһандық платформа), KazDream (ұлттық қауіпсіздік, шекаралық бақылау және киберқорғау салаларында жұмыс істейтін еліміздегі ірі ІТ-компания) секілді жобалар бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети