Тоқаев пен Макрон телефон арқылы Ауғанстандағы жағдайды талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев пен Макрон телефон арқылы Ауғанстандағы жағдайды талқылады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Франция тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін және Ауғанстандағы жағдайды жан-жақты талқылады.

Мемлекет басшысы стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткен Қазақстан мен Франция арасындағы өзара тиімді байланыстардың дамуына тоқталды.

"Француз Республикасы - экономикалық әлеуеті жағынан әлемдегі бесінші ел, біздің негізгі серіктесіміз. Біз нақты нәтиже беретін бірлескен белсенді жұмыстарға, бірінші кезекте экономика саласына ерекше мән береміз", - деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Францияны біздің экономикамызға 2005 жылдан бері 17 миллиард қаржы салуы арқылы инвесторлардың алғашқы бестігіне кіріп отырғанын атап өтті. 2020 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көрсеткіші – 2,8 миллиард долларды құраған.

Эммануэль Макрон Қазақстанмен арадағы сауда-экономикалық және саяси байланыстарды тереңдете түсуге мүдделі екенін жеткізді.

Мемлекеттер басшылары үкімет деңгейіндегі байланыстарды жандандыруға дайын екендерін нақтылады. Президенттер Қазақстан мен Франция ынтымақтастығына серпін беретін жобалардың жүзеге асуына назар аударуға уағдаласты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макрон Ауғанстандағы ахуал жөнінде пікір алмасты.

Президенттер аймақтың тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен орнықты дамуына қатысты мәселелерде жиі ақылдасып тұруға келісті. Мұндай жұмыстар екіжақты деңгейде де, БҰҰ алаңында және халықаралық форматта да жүзеге асырылмақ.

Франция Президентінің өтініші бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев оған Қазақстанның Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты көзқарастары мен біздің үкіметтің батыс елдері азаматтары мен ауғандықтарды эвакуациялау жөнінде қабылдаған шаралары туралы айтып берді. Эммануэль Макрон Қазақстанның өз аумағында БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясының қызметкерлерін және әлемдік ұйымның басқа да агенттіктерін орналастыру туралы шешімін жоғары бағалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети