Тоқаев пен Пезешкиан Қазақстан-Иран бизнес форумына қатысты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев пен Пезешкиан Қазақстан-Иран бизнес форумына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан Қазақстан-Иран бизнес форумына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан Қазақстан-Иран бизнес форумына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-иран қарым-қатынасын нығайтуға зор үлес қосып келе жатқан Президент Масуд Пезешкианға алғыс айтты.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы алыс-берістің қарқыны жоғары екенін, бүгінгі іс-шара экономика және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты бекемдей түсетінін жеткізді.

"Былтыр сауда-саттығымыз 340 миллион доллардан асқан болатын. Биыл бұл көрсеткіш бірнеше есе артады деген болжам бар. Біз елдеріміз арасындағы тауар айналымын айтарлықтай ұлғайтып, ең алдымен, 1 миллиард долларға, содан кейін екінші кезеңде 2 миллиард долларға дейін жеткізуге келістік. Бұған әлеуетіміз толық жетеді. Осы орайда, Тегеран қаласында Қазақстанның Сауда үйін ашу жөніндегі бастаманың маңызы зор. Бұл бастама отандық өнімдерді Иран нарығына жүйелі түрде жеткізіп тұруға мүмкіндік береді. Инвестиция саласындағы байланысымыз күшейіп келеді. Соңғы 20 жылда Иран Ислам Республикасы Қазақстанға 226 миллион доллардан астам инвестиция салды. Қазір елімізде Иранның іскерлік қауымдастығы ашқан 350-ден астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі басқосу осындай кәсіпорындардың қатарын көбейтуге септігін тигізеді деп сенеміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети