Тоқаев пен Пезешкиан үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар алмасты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев пен Пезешкиан үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар алмасты

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан Бірлескен мәлімдеме қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан Бірлескен мәлімдеме қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан және Иран президенттерінің қатысуымен мынадай үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті:

1. Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарт;

2. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Иран Ислам Республикасы Үкіметі арасындағы жолаушылар мен жүктерді автокөлік арқылы халықаралық тасымалдау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;

3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы;

4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Иран Ислам Республикасы Мәдениет және исламдық бағдар министрлігі арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған мәдени алмасу бағдарламасы;

5. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Иран Ислам Республикасы Актілерді және жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі мемлекеттік ұйымы арасында зияткерлік меншік саласы бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;

6. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Иран Ислам Республикасы Жол және қала құрылысы министрлігі арасындағы көлік, транзит және логистика салалары бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум;

7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Иран Ислам Республикасы Денсаулық сақтау және медициналық білім беру министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласы бойынша ынтымақтастық мәселелері жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

8. Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң телерадио кешенi" шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны мен Иран Ислам Республикасы радиохабар тарату және телевизия ұйымы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети