Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі декларацияға қол қояды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Сондай-ақ мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтеді.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин кездесіп, екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!