03 қаңтар 2022 | 13:59

Тоқаев пен Си Цзиньпин бір-бірін құттықтады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау хатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау хатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы екі елдің тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде әлемдік деңгейдегі үлгілі мемлекетаралық қатынас қалыптастырғанын атап өтті.

"Бұған менің 2019 жылы еліңізге жасаған сапарым барысында ынтымақтастығымызды мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптeстікке көтеру туралы жариялағанымыз дәлел. Бұл тарихи шешіміміз тату көршілік, өзара сенім мен қолдауға негізделген тең құқылы қатынастар құру бағытындағы екі жақты күш-жігеріміздің шарықтау шыңы болды. Атап айтқанда, ортақ шекарамызға қатысты барлық мәселелердің түйіні тарқап, бүгінде ол достық пен бірлік көпіріне айналды. Осы ретте, Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өзендерге қатысты келіссөздерді жуық арада аяқтау мемлекетаралық ықпалдастық жылнамасының тағы бір жарқын беті болары анық", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мемлекеттеріміз арасындағы өзара түсіністік рухындағы саяси ахуалдың сауда-экономикалық және инвестициялық бағыттағы қарқынды ынтымақтастығымыздың кепілі екенін айтты. Осындай ықпалдастықтың нәтижесінде кәсіпкерлік пен халықтарымыздың игілігіне бағытталған көптеген бірлескен жоба табысты жүзеге асырылып келеді.

"Қазақстан мен Қытайды мыңдаған шақырымға созылған темір және көлік жолдары, мұнай және газ құбырлары жалғап отырғанын ерекше атап өтемін. Осы тұрғыдан, "Нұрлы жол" стратегиясы мен "Бір белдеу, бір жол" бастамасының негізгі бағдары саналатын бұл "темір керуен" жыл сайын тараптарға көптеген отандастарымызды, миллиондаған тонна жүктерді және миллиардтаған текше метр табиғи газды тасымалдауға мүмкіндік береді", - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент екі ел үкіметінің ортақ мүдделерімізді сәтті ілгерілетуде, COVID-19 індетінің салдарын жоюда қажырлы жұмыс істеп жатқанына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, екіжақты ынтымақтастықтың өркендеуіне және мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге қосып отырған ҚХР Төрағасының жеке үлесін Қазақстанда жоғары бағалайды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ресми және жұмыс тәртібінде тұрақты байланыстарды нығайтуда бірлесе күш-жігер жұмылдыруға әрдайым дайын екенін жеткізді.

Қытай Төрағасы Си Цзиньпин да екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы қарсаңында Қытай үкіметінің, халқының және жеке өз атынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа және достас Қазақстан халқына шынайы құттықтауы мен ізгі тілегін жолдады.

"Қытай мен Қазақстан - тату көршілер және мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестер. Дипломатиялық байланыстар орнаған 30 жыл ішінде екі ел арасындағы қарым-қатынастар нығая түсті. Өзара сенімге негізделген ынтымақтастық үздіксіз тереңдеп келеді. Сонымен қатар "Бір белдеу, бір жол" бастамасын бірлесіп жүзеге асыру барысында елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Қытай тарапы Қазақстанның даму жолын дәйекті түрде қолдайды және алдағы уақытта зор табыстарға жетуіне, халықаралық аренада және аймақтық мәселелерде үлкен рөл атқара беруіне шын жүректен тілектестігін білдіреді", - делінген құттықтау жеделхатта.

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың дамуына ерекше мән беретінін, дипломатиялық байланыстардың 30 жылдық мерейтойы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге өзара дәстүрлі достықты нығайтуға, мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестік қатынастарды екі ел халықтарының игілігі үшін жаңа деңгейге көтеруге дайын екенін жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети