Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақорданың баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың жеке сөйлескен сәтінің видеосын жариялады.
Бірқатар БАҚ өкілдері Мемлекет басшысы мен Америка Президенті арасындағы қысқаша әңгіменің мазмұнына қатысты сауал жолдаған. Осыған байланысты Ақорда көшбасшылар не туралы сөйлескенін жазды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған "Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі" деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды.
Бұдан бөлек, Президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі.
Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!