Тоқаев Петропавл тұрғындарын тез арада жылумен қамтуды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Петропавл тұрғындарын тез арада жылумен қамтуды тапсырды Фото:akorda.kz

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Петропавл қаласындағы жылу электр орталығында болған апат салдарын жою жұмыстарының барысы туралы есебін тыңдады., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президент баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Апат салдарынан тұрғын үйлер мен қызметтік мекемелер жылусыз қалған  болатын. 

Әкімнің айтуынша, жұмыс комиссиясы құрылған. Оның құрамына әкімдіктің, ТЖМ-нің және басқа да құзырлы ведомстволардың қызметкерлері,  сондай-ақ  аталған саланың жобалаушылары мен мамандары енген. Компания басшысы – жылу электр орталығының меншік иесі келеді деп күтілуде.

Президент облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды.

Еске салайық, кеше Петропавлда ЖЭО-2-дегі үш құбырдың бірі опырылғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети