Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминнің кандидатурасын премьер-министр қызметіне ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминнің кандидатурасын премьер-министр қызметіне ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент мәжіліс депутаттарының алдында ұсыныс жасады. Заң бойынша мәжілісмендер премьер-министр лауазымына кандидатурасын қарайды.
Айта кетейік, бұған дейін Тұңғыш Президент премьер-министрдің кандидатурасына қатысты ойын айтқан болатын.
Барлық қиындыққа қарамастан үкімет өз жұмысын жақсы атқарып шықты. Басқа елдердің аясында жақсы нәтиже көрсете білдік. Егер Президент Мамин Асқар Ұзақбаевты ұсынса, фракциядан оның кандидатурасын сақтауды қолдауын сұраймын", - деген еді 14 қаңтарда Елбасы.
Назарбаев премьер-министрдің кандидатурасына қатысты ойын айтты
Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда туды. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы АҚ-ның президенті болып қызмет еткен, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары болды.
2019 жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!