Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігіне Астананың айналасындағы жасыл желекті бақылауға алуды және абаттандыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігіне Астананың айналасындағы жасыл желекті бақылауға алуды және абаттандыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Жақында тікұшақпен Астананың айналасын аралап шықтым. Жасыл желекке келетін болсақ, көбі тақыр жер. Бұл жерде жұмыс өте нашар жүргізіліп жатыр. Біз оны қалада тұрып сезініп отырмыз. Олар абаттандыруды мүлдем қойған. "Президент әкімшілігі бұл мәселені бақылауға алуы керек, біз бұл жұмысты қадағалаймыз. Үкімет міндетті түрде атсалысуы керек", - деді Тоқаев.
Сынға жауап бере отырып, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек биыл миллионнан 450 мыңға жуық көшет жасыл желекке отырғызылатын болады.
"Иә, сіз дұрыс айтасыз, жеткіліксіз. Бұл үлкен мәселе, біз өндіріс көлемін ұлғайтып, жоспарларымызды түзетеміз. Біз жасыл желектің көлемін екі есе арттыруға тырысамыз. Мәселені өз бақылауыма аламын", - деп уәде берді елорда әкімі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!