Тоқаев Президент қызметінде және партия жұмысында қандай қағидаға сүйенетінін айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Президент қызметінде және партия жұмысында қандай қағидаға сүйенетінін айтты © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметінде және партия жұмысында қандай қағидаға сүйенетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметінде және партия жұмысында қандай қағидаға сүйенетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Саясатта ел мүддесіне берік болу айрықша маңызды. Мен Президент қызметінде және партия жұмысында дәл осы қағиданы ұстанамын. Біз егемендіктің төртінші онжылдығына қадам бастық. Алдымызда жаңа міндеттер тұр. Бірлігіміз бекем болса, оның бәрін орындаймыз", -  деді Тоқаев Nur Otan съезінде.

Мемлекет басшысы қоғамға ең бастысы тыныштық пен тұрақтылық керек екенін айтты.

"Nur Otan – еліміздің негізгі саяси күші. Сондықтан Қазақстанның болашағы үшін, ең алдымен, біздің партиямыз жауапты. Әрқайсымыз осы жауапкершілікті терең сезініп жұмыс істеуіміз қажет", - деді ол.

Сондай-ақ, ол шын мәнінде, Nur Otan мемлекетшілдер партиясы болуы керек екенін айтты.

"Ұйым мүшелері мемлекет мүддесін бәрінен биік қоюға тиіс. Партияның барлық бастамалары елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арналғанын ұмытпайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!" - деді Президент съезде.

Айта кетейік, қазір Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезі басталды, оған еліміздің барлық өңірінен 389 делегат онлайн-форматта қатысып отыр. Сондай-ақ, съезге бейнеконференцбайланысы режимінде ел басшылығы, Саяси кеңес мүшелері, аймақтық филиал өкілдері, депутаттар мен үкімет мүшелері қосылған.

Бекітілген күн тәртібіне сәйкес келесі үш мәселе қаралады: 1. Партияның төрағасын сайлау туралы; 2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; 3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети