Тоқаев Президент ТРК ұжымын құттықтады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

"Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешеніне 25 жыл. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТРК-ның жаңа аппараттық-студия кешенін аралап көріп, ұжымды мерейтойымен құттықтады", - деп жазды Берік Уәли. 

Оның айтуынша, Президент Телерадиокешені жұмысының негізгі нәтижелерімен танысты. 

"Ширек ғасыр ішінде оның қызметкерлері 800 деректі фильм түсірген. 2019 жылдың 20 наурызынан бері Мемлекет басшысының қызметі туралы 600 сағаттық видеотүсірілім жасалып, 56 деректі фильм, 450 видеоролик дайындалған.

Көптеген видеоматериал Telegram және YouTube әлеуметтік желілеріне жүктелген.
Президенттің Телерадиокешені Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Абайдың қара сөздері" және "Қуатты өңірлер - қуатты Қазақстан" деректі фильмдер циклын түсіруді жоспарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Ақорда" резиденциясында орнатылған UHD (4K) аппараттық-студия кешені таныстырылды. Бұл кешен жоғары сапалы видеотүсірілім жасауға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы Телерадиокешеннің ұжымына ел өміріндегі аса маңызды оқиғаларды жедел әрі сапалы жариялап көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, ТРК қызметкерлеріне жаңа шығармашылық табыс тіледі", - деді Берік Уәли. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro