Тоқаев Prometheus school мектебіне барды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Prometheus school мектебіне барды @aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Prometheus school мектебіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Prometheus school мектебіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке білім ордасының оқу кабинеттері, жаратылыстану зертханалары, мектепте сабақ оқытудың Daryn Go, Booky-Wooky авторлық әдістемелері, сондай-ақ оқу орнының жалпы инфрақұрылымы таныстырылды. Рrometheus school былтыр 9 қарашада ашылған.

Мектеп 840 оқушыға арналған. Аумағы – 12 мың шаршы метр. Білім беру мекемесін салу үшін 5,2 миллиард теңге инвестиция тартылған.

Аз қамтылған отбасылардың дарынды балалары үшін білім гранттары бөлінеді. Мектеп жыл сайын грант санын арттыруды жоспарлап отыр. Мемлекет басшысы Prometheus School мектебіндегі білім беру және оқушыларды даярлау форматының ерекшелігін атап өтті.

Сондай-ақ, ұстаздарға табыс тілеп, олардың қызметі қоғам үшін маңызды екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course down  609.28  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети