Тоқаев Путинді тарихи құжатқа қол қойылғанына 20 жыл толуымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Путинді тарихи құжатқа қол қойылғанына 20 жыл толуымен құттықтады Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың қабылданғанына 20 жыл толуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың қабылданғанына 20 жыл толуымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2005 жылы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 20 жыл толуына орай Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады.

"Жалпыға бірдей халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алған бұл тарихи құжат әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасын құқықтық тұрғыдан рәсімдеуге берік негіз қалады және елдеріміздің мызғымас достығының, тату көршілік пен одақтастық қатынастарының символына айналды", – деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында.

Мемлекет басшысы көршілес екі елдің сан қырлы ынтымақтастығы алдағы уақытта да дамып, беки түсетініне сенім білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети