Тоқаев Путинге "Спутник V" вакцинасының қосымша бөлігін жеткізу жайында өтініш білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Путинге "Спутник V" вакцинасының қосымша бөлігін жеткізу жайында өтініш білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары сауда-экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастықтың қазіргі ахуалына, сондай-ақ, Қазақстанда цифрлық платформа құру туралы қол жеткізілген уағдаластыққа жоғары баға бергені айтылады.

"Қазақстан Президенті ұшақ құрастыру, автокөлік жасау, химия индустриясы салаларындағы бірлескен жобаларға көңілі толатынын жеткізді. Оның пікірінше, биылғы сәуір айында Қазан қаласында екі мемлекеттің үкіметтері арасында қол қойылатын 2021-2025 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасының маңызы зор болмақ", - делінген хабарламада.

Владимир Путин Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық, әскери-техникалық және цифрлық салалар бойынша байланыстарды нығайтудың маңызды екенін атап өтті. 

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге "Спутник V" вакцинасының қосымша бөлігін жеткізу жайында өтініш білдірді.

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуетін одан әрі арттыруға қатысты ұстанымдары сәйкес келетінін айтып, серіктестіктің бұл бағытында тығыз ықпалдаса жұмыс істеуге келісті.

Айта кетейік, кеше Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен Қазақстанға "Спутник V" ресейлік вакцинасының төрт миллион дозасын қосымша жеткізу туралы уағдаласқаны белгілі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети