Тоқаев Путинмен кездесті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: t.me/bort_01 Фото: t.me/bort_01

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев РФ басшысы Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Борт N1 Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев РФ басшысы Владимир Путинмен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Борт N1 Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

Екі ел басшылары ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммиті аяқталғаннан кейін кездескен. 

"Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастық саласы мен алдағы іс-шаралар кестесі талқыланды", - делінген хабарламада.

Президенттер екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сондай-ақ сауда-экономикалық саладағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығын талқылады.

"Шын мәнінде, елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық және саяси ықпалдастықтың қарқыны нашар деуге еш негіз жоқ. Тауар айналымы 25 миллиард долларға жетті. Ресей – Қазақстан үшін сауда-экономикалық саладағы басты серіктес. Осы себепті, мен, Үкіметімізге осы қарқынды және сауда мен инвестициялар көлемін сақтап қана қоймай, қазіргі геосаяси жағдайдағы барлық қиындықтарға қарамастан оларды арттыру жөнінде міндет жүктеймін. Мен өзіммен бірге осы салаға жауапты Премьер-министрдің бірінші орынбасары бастаған Үкіметтің негізгі шенеуніктерін ала келдім. Олар табысты келіссөздер жүргізді және нақты нәтижеге қол жеткізу үшін олардың алдына Федерациясының Үкіметімен іскерлік бағытта жұмыс істеу міндеті қойылды және олар нәтижелі келлісөз өткізді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті бүгінде машина жасау, металлургия, химия өнеркәсібі сияқты салаларда жалпы құны 4 миллиард доллар болатын 20 ірі жобаның әртүрлі сатыда жүзеге асырылып жатқанын айтты.

Ресей Президенті өз кезегінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың оң қарқынын атап өтті.

"Жалпы бізде барлық сала жақсы дамып келеді. Былтыр тауар айналымының өсімі 34 пайыз болды. Ресей компаниялары Қазақстан экономикасына 17 миллиард доллар инвестиция салды. Бәрімізге түсінікті әрі белгілі қазіргі қиыншылықтарға қарамастан, жағдай жақсы дамып жатыр", - деді Владимир Путин.

Тараптар күн тәртібіндегі екіжақты кешенді экономикалық мәселелердің бәрін биыл күзде Орынборда өткізуге жоспарланған Аймақаралық форумда талқылауға уағдаласты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруы бойынша биылғы маусымда Петербургте өтетін экономикалық форумға қатысатынын нақтылады. Сонымен қатар Қазақстанның үкіметтік делегациясы Екатеринбургте өтетін ірі өнеркәсіптік көрмеге қатысуды жоспарлап отыр.

Еске салайық, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өткен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық сессиясына қатысқан болатын. 

Қазақстан Президенті ҰҚШҰ-ның 30 жыл ішінде одан әрі дамуы үшін зор әлеуеті бар көпжақты ынтымақтастықтың нақты механизмі ретінде қалыптасқанын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мерейтойлық мәлімдемесін қабылдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.38  course up  590.98  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro