Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тоқаев Путинмен кездесуде Ресеймен қарым-қатынас туралы айтты 28 қараша 2022, 17:20

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен айда елдеріміз үшін дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толғанын атап өттік. Осы уақыт ішінде мемлекеттер достық пен тату көршіліктің берік байланыстарына негізделген өзара тиімді стратегиялық әріптестік құра алды. Елдеріміз арасында сенімді, сындарлы диалог орнатылып, ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне қолжеткізілді", - деді Тоқаев Ресей мен Қазақстанның Өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысында.

Сондай-ақ, Тоқаев Ресейдегі шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

"Форум тақырыбының өзі халықаралық саудадағы дағдарыс пен геосаяси белгісіздіктің қазіргі жағдайында ерекше маңызға ие. Шынында да, барлық шектеуді алып тастау және саудада өзара тиімді жағдай жасау, әрине, елдеріміздің сапалы экономикалық өсуінің кепілі. Сондықтан бүгінгі кездесуіміздің маңызы ерекше.

Дүниежүзілік сауда ұйымының мәліметі бойынша, либерал сауда келісімдерінің бастауында тұрған әлемнің ең дамыған елдері соңғы жарты жылда экспортқа шектеулер енгізу қарқынын арттырды. Мысалы, биыл мамырдан қазанға дейін G20 елдері сауда көлемі 160 миллиард доллардан аспайтын тауарларға 47 шектеу шарасын қолданған. Біз үнемі пайда болатын экспортқа тыйым салу, қосымша лицензиялық талаптар, квоталар мен баждар туралы айтып отырмыз. Осының аясында Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы, бақытымызға орай, жаһандық үрдістерден ерекшеленеді", - деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, 27 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге ресми сапармен барған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram