Мемлекет басшысы Qazaq Republic жобасының авторы Сәкен Жолдасты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Qazaq Republic жобасының авторы Сәкен Жолдасты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Qazaq Republic брендінің дамуы, жаңа әзірлемелер мен жобалардың іске асырылуы жайында баяндалды.
Сәкен Жолдас Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық кәсіпкерлердің пандемия жағдайындағы жұмысы, бизнестің түйткілді мәселелерінің шешімі және мемлекеттік құрылымдар тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау туралы айтты.
Сондай-ақ әңгімелесу барысында қазақстандық заманауи бірегейлікті қалыптастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.
Президент еліміздегі креативті индустрияны дамытуға мемлекет ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!