Тоқаев QazaqGaz басшысын қабылдады

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев QazaqGaz басшысын қабылдады Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы QazaqGaz ҰК АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы QazaqGaz ҰК АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентке QazaqGaz ҰК акционерлік қоғамының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған қаржы-шаруашылық жұмыстарының қорытындысы, сондай-ақ ішкі нарықты тауар газбен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның қабылдаған шұғыл шаралары ішкі нарықтағы тауар газының тапшылығын болдырмауға мүмкіндік бергені жөнінде баяндалды.
 
Санжар Жаркешовтің айтуынша, қазір ішкі нарықтың газға деген сұранысы толық қамтамасыз етілген. QazaqGaz Қашағанда қуаты 1 миллиард текше метр болатын газ өңдеу зауытын салуға кіріскен. Газды барлау және өндіру жөніндегі жаңа жобаларды іске қосу арқылы ресурстық базаны ұлғайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, газ саласын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілген.
 
Мемлекет басшысына компанияның қызметіне жүргізіліп жатқан кешенді тексеру жұмысының барысы туралы мәлімет берілді. Қазақстанның газ тасымалдау жүйесіне халықаралық техникалық аудит жүргізіліп жатыр. Ұлттық компанияның шығындарын  оңтайландыру нәтижесінде жыл басынан бері 9 миллиард теңге үнемделген.  

Бұдан бөлек, QazaqGaz ҰК АҚ басқарма төрағасы газға қосылу жөніндегі техникалық шарттарды беру үшін талап етілетін құжаттар тізімін қысқарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Баға белгілеудің әлеуметтік әділ реформасына қатысты шаралар кешені әзірленіп, қарауға ұсынылған.

Президент бірқатар міндет жүктеді, соның ішінде еліміздегі газбен қамту жұмыстарының қарқынын арттыру жөнінде тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети