Тоқаев QazVac және "Спутник Лайт" вакциналары бойынша тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев QazVac және "Спутник Лайт" вакциналары бойынша тапсырма берді Фото ©РИА Новости

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы QazVac қазақстандық вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында (ДДСҰ) тіркеуді жеделдетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы QazVac қазақстандық вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында (ДДСҰ) тіркеуді жеделдетуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент бұл Денсаулық сақтау және Сыртқы істер министрліктерінің жұмысы екенін атап өтті.

"Екіжақты уағдаластықтар шеңберінде QazVac-ты үшінші елдер нарығына ілгерілету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру маңызды. Үкімет бұл мәселені ерекше бақылауға алып, нәтижелері туралы бір ай мерзімде баяндауды сұраймын", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Президенттің айтуынша, елімізде осы саладағы жетекші өндірушілер шығаратын вакциналар желісін кеңейту қажет.

"Ресейлік жаңа "Спутник лайт" вакцинасын отандық фармацевтикалық алаңдарға жеткізу және шығару мәселесін пысықтау қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Қазақстанда "Спутник Лайт" бір компонентті вакцинасы тіркелген болатын

Ресми мәліметке сәйкес, бір компонентті "Спутник Лайт" вакцинасының тиімділігі оны алғаннан кейін 28-нші күнінен бастап 79,4 пайыз болған. Тиімділікті есептеу жаппай вакцинация бағдарламасы аясында бір ғана екпе алған және 2020 жылы 5 желтоқсан мен 2021 жылы 5 сәуір аралығында екінші екпені алмаған ресейліктердің деректері негізінде жүргізілген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети