Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тоқаев Ресей мен Францияға барады 25 қараша 2022, 16:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Францияға ресми сапармен барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Францияға ресми сапармен барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қарашада Ресей Федерациясына ресми сапармен барады. Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ, екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.

29-30 қарашада Қазақстан Президенті Францияға ресми сапармен барады. Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram