Тоқаев Ресей мен Украина келіссөздеріне қатысты Қазақстанның ұстанымын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Ресей мен Украина келіссөздеріне қатысты Қазақстанның ұстанымын айтты Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасында делдал болудағы Қазақстанның рөлі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасында делдал болудағы Қазақстанның рөлі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz тілшісі Владимир Зеленскийдің мәлімдемесінен кейін Қазақстан Украина мен Ресей лидерлерінің кездесуін Астанада ұйымдастыруға дайын ба және мұндай келіссөздер жүргізіліп жатыр ма деген сұрақ қойды.

"Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы әскери қақтығыста делдал емес және өзін олай санамайды. Менің ойымша, екі тарап та барлық даулы мәселе бойынша түрлі деңгейде диалог жүргізе алады. Әрқашан "украин дағдарысы" аса күрделі деп санап, оны жеңілдетуге болмайтынын жария түрде айтып келемін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президентінің айтуынша, әскери іс-қимылдар жалғасқан сайын көптеген мәселе қабаттасып барады: аумақтық, тарихи, ұлттық, тілдік және, әрине, саяси.

"Иә, аумақтық мәселе қазір ең басты әрі ең қиын мәселе, бірақ оны келіссөздер үстелінде шешу әзірге мүмкін болмай тұр. Өйткені тарихи тақырыптарға қатысты қатар жүретін талқылаулар бар (Киев Русі, "аумақтық сыйлықтар", украин мемлекеттілігі және басқалар), мұнда түрлі пікірлердің ауқымы кең, соның ішінде ерекше және тіпті экзотикалық ойлар да кездеседі. Дегенмен келіссөздерді жалғастыру қажет, бұл туралы БҰҰ-дағы сөзімде де айттым".

"Егер Ресей мен Украина лидерлері Қазақстанға келгісі келсе, келіссөздерді сәтті өткізу үшін барлық қажетті қызметті ұсынамыз".

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский Нью-Йоркте – БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында кездескен еді.

Кейін Fox News-қа берген сұхбатында Зеленский Ресей Президентімен Қазақстанда кездесуге дайын екенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети