Тоқаев Ресей мұсылмандары қауымының өкілдерімен кездесті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Ресей мұсылмандары қауымының өкілдерімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мұсылмандары қауымының өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мұсылмандары қауымының өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі аясында Қазақстан Президенті Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен және Татарстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Камиль Самигуллинмен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы Съездің биік мақсаттары мен міндеттерін ілгерілетуге белсене атсалысқаны үшін оларға ризашылығын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл ақпан айында өзінің Татарстанға сапарын еске алды және оларды Еділ Бұлғариясының исламды қабылдағанына 1100 жыл толуымен құттықтады. Оның айтуынша, бұл тарихи оқиғаның Татарстан мұсылмандары жамағаты мен Ресейдің барша көпконфессиялы халқы үшін маңызы зор.

Президент VII съездің күрделі кезеңде өтіп жатқанын атап өтіп, халықаралық қоғамдастықты біріктіру үшін конфессияаралық диалогты нығайту маңызды екенін айтты.

Равиль Гайнутдинов пен Камиль Самигуллин кездесу өткізгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, VII съездің ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети