Тоқаев Ресей премьер-министріне коронавирустан тез айығуды тіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Ресей премьер-министріне коронавирустан тез айығуды тіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинге коронавирустан тез жазылуды тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинге коронавирустан тез жазылуды тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге тезірек сауығып кетуді тілеймін. Қазақстан мен Ресей коронавирусқа қарсы күресте бірге белсенді жұмыс істеп жатыр. Біз бірлескен күш-жігердің арқасында туындаған қиындықтарды жеңетінімізге сенімдімін", - деп жазды Президент Twitter-парақшасында.

Бұған дейін Ресей премьер-министрі коронавирус жұқтырғаны хабарланған

Михаил Мишустин РФ президенті Владимир Путинге коронавирус жұқтырғанын, өзін-өзі оқшаулауға кеткенін мәлімдеген болатын.

"Құрметті Владимир Владимирович, коронавирусты анықтауға  тапсырған тестілер оң нәтиже берді. Осыған байланысты және Роспотребнадзордың талаптарына сәйкес мен тиісінше өзін-өзі бақылауды сақтауға, дәрігерлердің нұсқамаларын орындауға тиіспін. Бұл менің әріптестерімді қорғау үшін қажет", - деген еді Мишустин Путинге.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети