Тоқаев Руанда президентінің арнайы өкілін қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Руанда президентінің арнайы өкілін қабылдады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Руанда президентінің арнайы өкілі Жан Поль Ньирубутаманы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Руанда президентінің арнайы өкілі Жан Поль Ньирубутаманы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы өкілге ілтипат білдіре отырып, Руанда президенті Поль Кагамеге сәлемін жолдады. Мемлекет басшысы Руанда тарапының Қазақстанмен көпжоспарлы серіктестікті нығайтуға ықылас танытып отырғанына ризашылық білдірді.

Президент Африка елдерімен ықпалдастықтың қарқынында оң динамика бар екен атап өтіп, Руандамен арадағы екіжақты және көпжақты қарым-қатынастың көкжиегін одан әрі кеңейтудің маңыздылығына назар аударды. Осы орайда Мемлекет басшысы жуырда қол қойылған Қазақстан мен Руанда арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін виза талаптарынан босату туралы келісімді жоғары бағалады.

Жан Поль Ньирубутама қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, бүгінде Қазақстанның саяси және экономикалық тұрғыдан қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети