Тоқаев "Самұрық-Қазынадағы" мемлекеттік сатып алулар туралы: Сол баяғы компаниялар ұтады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев "Самұрық-Қазынадағы" мемлекеттік сатып алулар туралы: Сол баяғы компаниялар ұтады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында "Самұрық-Қазына" қорын түбегейлі реформалау қажет екенін тағы да айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында "Самұрық-Қазына" қорын түбегейлі реформалау қажет екенін тағы да айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Парламент алдында сөйлеген сөзінде қорды байыпты түрде қайта құру қажет екеніне баса назар аударғанын еске салды.

"Мен мына жайттарға ерекше назар аударамын: біріншіден, әрине, мемлекеттік сатып алудың ашықтығы. Мен бұл туралы үшінші жыл қатарынан айтып келемін. Әзірге мемлекеттік сатып алулардың ашықтығында айтарлықтай нәтижеге қол жеткен жоқ. Сонымен қатар, бұл тендер өткізудегі ашықтық мәселесі", - деді ол.

Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" қоры құрылыс және қайта жаңғыртуға байланысты ауқымды жұмыс атқарып жатқанына тоқталды.

"Әдеттегідей, сол баяғы компаниялар ұтады, кейін олар жұмыс көлемін қосалқы мердігерлерге береді, олар ары қарай тағы да қосалқы мердігерлерді тартады. Бұл жұмыс сапасына және баға параметрлеріне кері әсер етеді. Әрине, бұл сіздің салаңыздағы монополияға қарсы күрес", - деді басқарма басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, бұл мәселелерге алдын ала назар аудару керек.

"Жоспар анық, түсінікті. Біз "Самұрық-Қазына" қорын қалай реформалау керек екенін тағы бір рет егжей-тегжейлі анықтауымыз керек", - деп қосты Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети