Тоқаев Сауд Арабиясының короліне жеделхат жолдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Сауд Арабиясының короліне жеделхат жолдады Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық мейрамына орай құттықтау жеделхаттарын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің ұлттық мейрамына орай құттықтау жеделхаттарын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың және өзінің атынан Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман Әл Саудты және барша сауд халқын осы елдің Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент Сауд Арабиясы еліміздің араб әлемі мен Таяу Шығыс өңіріндегі сенімді әрі басты серіктестерінің біріне айналғанына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Королі мен Сауд Арабиясы Тақ мұрагерінің жауапты қызметтеріне толағай табыс, сауд халқына құт-береке тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети