Тоқаев Сауд Арабиясының министрімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқаев Сауд Арабиясының министрімен кездесті

Президент Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері, уағыз және насихат жөніндегі министрі шейх Абдуллатиф бен Абдулазиз Абдрахман Әл аш-Шейхпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев  Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері, уағыз және насихат жөніндегі министрі шейх Абдуллатиф бен Абдулазиз Абдрахман Әл аш-Шейхпен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы ислам әлеміне қасиетті болған Мекке мен Мединенің орналасқан мекені - Сауд Арабиясы өкілдерінің бүгінгі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуына қатысуы өте маңызды екенін атап өтті. Президент Қос Киенің Сақшысы, Король Салманның Арнайы өкілі ретінде Сауд Арабиясы делегациясын бастап келгені үшін министрге ризашылығын білдірді.

Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам істері, уағыз және насихат жөніндегі министрі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басқосуы беделді жаһандық диалог алаңына айналғанын айтты.

Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети